Шарапова алдағы маусымға не жоспарлап отырғанын айтты

Әйгілі тенисші "Үлкен дуылғаны" бес рет иеленген.

"Үлкен дуылға" турнирінің бесдүркін жеңімпазы ресейлік теннисші Мария Шарапова спорттық мансабындағы 2018 жылғы маусымға баға берді, - деп хабарлайды St. Peterburg Ladies Trophy.

"Өткен маусымға көңілім толады деп айту қиын, себебі мен көп жарыстардан қалып қойдым. Өткен маусымды есептей келе мен тек 11 жарысқа қатысыппын. Биыл денсаулығым сыр бермейді деген сенімдемін, сәтті өнер көрсетемін деген ойдамын", - дейді Шарапова. 

2018 жылы Мария Шарапова 31 ойынға қатысты, оның 20-нда жеңіске жетті. Ешқандай жарыста жеңімпаз атанбаған Шарапова WTA рейтингінде 29-шы орынға тұрақтады. 

Еске салайық, биыл ресейлік спортшы Санкт-Петербурктегі жарыста австралиялық Дарья Гавриловамен кездесіп, 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 



  0