17 жасымда Уимблдон жеңімпазы болу спорттық мансабымдағы ең ірі тосын сый - Шарапова

WTA рейтингінде ол 1602 ұпаймен 29-шы орында тұр.

Әлемнің бірінші ракеткасы болған, "Үлкен дуылға" жарыстарының бес дүркін чемпионы Мария шарапова спорттық мансабында ойламаған серпілістер туралы мәлімдеді. 

"Спорттық мансабымдағы ең басты тосын сый - 17 жасымда Уимблдон жеңімпазы атану. Мұндай жаста осындай табысқа кенелу дегенді ойлап та көрмегем. Мен тым жас әрі мұндай жеңіске жетемін деп мүлде ойламадым да", - дейді Шарапова Entrepreneur басылымына берген сұхбатында. 

2018 жылы Шарапова 31 кездесу өткізіп, тек 20-ында жеңіске жетті. WTA рейтингінде ол 1602 ұпаймен 29-шы орында тұр. 



  0