Юлия Путинцева еліміздің бірінші ракеткасы атанды

Юлия Путинцева еліміздің бірінші ракеткасы атанды.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Гарбинье Мугуруса (Испания).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Зарина Дияс 54-ші сатыны сақтап қалды. Ал «Ролан Гаррос» турниріндені керемет өнерінен кейін 42 саты жоғарлап 56-шы орынға шыққан Юлия Путинцева тағы үш саты жоғарлап 53-ші орынға тұрақтады. Осылайша, Юлия Диясты артқа тастап, еліміздің бірінші ракеткасы атанып отыр.


  0