Юлия Путинцева WTA рейтингісінде 42 саты жоғарлады

Юлия Путинцева WTA рейтингісінде 42 саты жоғарлады.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингісі жарияланды.

Жаңа тізім Франция ашық біріншілігінің («Ролан Гаррос» турнирі) қорытындысы бойынша шықты.

Көш бастап тұрған үздік үштік мынадай: Симона Халеп (Румыния), Каролин Возняцки (Дания), Гарбинье Мугуруса (Испания).

Қазақстандық теннисші қыздар арасынан Зарина Дияс 45-ші (51) орынға көтерілсе, Юлия Путинцева бірден 42 саты жоғарлап 56-шы орынға орналасты.


  0