Юлия Путинцева "Роллан Гарроста" қанша табысқа кенелді?

"Роллан Гарроста" ерлер мен әйелдердің сыйақы мөлшері бірдей.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігін (Роллан Гаррос) ширек финалда аяқтады. Ол бұл межені мансабында екінші рет бағындырды.

Ширек финалда отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизге есе жіберді. 2016 жылы да америкалық теннисшіден жеңілген еді. Ол жолы Серена Уильямс Юлияның жолын кескен-ді.
"
Роллан Гарроста ерлер мен әйелдердің сыйақы мөлшері бірдей. Ширек финалға шыққан үшін Юлия Путинцева 380 мың еуро алады. Теңгеге шаққанда 147 миллион 883 мың теңгені құрайды. Жартылай финалға шыққанда 560 мың еуро алған болар еді.

Жарыс жеңімпазы 2,2 миллион еуро табысқа кенеледі. Финалда сүрінген теннисші 1,12 миллион еуро алады.

Биылғы Роллан Гарросты екінші айналымда аяқтаған Зарина Дияс 79 мың еуро (30 миллион 744 мың), бірінші кезеңнен аса алмаған Михаил Кукушкин 40 мың еуромен (15 миллион 560 мың) үйіне қайтады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер "Үлкен дулыға" санатындағы жарыстардың ширек финалынан ары аспаған.


  0