Юлия Путинцева "Роллан Гарростың" жартылай финалына шыға алмады

Отандасымыз ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизге жол берді.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігінің (Роллан Гаррос) жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизге жол берді.

Теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сетте 5:3 есебімен жеңіп Юлия қарсыласына тай-брейкте есе жіберіп алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.

Юлия Путинцева WTA рейтингінде 98-орында тұрған теннисші. Осы жарыстағы нәтижесінен кейін жоғарылайтын болады. Ал Мэдисон Киз болса бұл рейтингте 13-орында келеді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшінің "Роллан Гарростағы" үздік нәтижесі осы – ширек финал. Теннисші 2016 жылы да ширек финалға дейін жеткен еді.


  0