Симона Халеп: есепке қарамастан кездесу ауыр болды

"Мен салқынқанды болуға тырыстым, алайда ашулаған кезімде болды, - дейді WTA рейтингіндегі көшбастап тұрған ракетка.

Теннистен қыздар арасында көш бастап тұрған румыниялық ракетка Симона Халеп "Ролан Гаррос" екінші айналымында америкалық Тэйлор Таунсендті жеңгені (6:3, 6:1) жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды WTA айты. 

"Есепті көріп олай айтпассыз, бірақ кездесу ауыр болды. Оның соққыларын қайтару маған оңайға соқпады. Сонымен қатар, ол мен сияқты солақай, - бұлда өзіндік мәселелерді туғызды. 

Тэйлор менің қысқа кросстарымды жақсы қабылдап, ойынның ритмін бұзып отырды. Мен салқынқанды болуға тырыстым, алайда ашулаған кезімде болды. Негізі бұл қалыпты жағдай. 

Андреа Петковичпен келесі өтетін ойында қиынға соғады. Ол ешқашан берілмейді, соңына дейін ойнайды. Мен оған өз әдісімен жауап беремін", - дейді Халеп.


  0