Зарина Дияс Страсбургте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Отандасымыз қарсыласын үш сағатта жеңді.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Дияс Страсбургте (Франция) өтіп жатқан International дәрежесіндегі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталының тілшісі. 

Екінші айналымда қазақстандық теннисші турнирдің жетінші ракеткасын, венгриялық Тимея Бабоштан үш сетте 7:6 (7:2), 4:6, 6:2 есебімен айласын асырды. Кездесу 2 сағат 49 минутқа жалғасты. 

Бұл кездесуде Дияс үш рет эйс, төрт екілік қателік жасап, 20 мүмкіндігіне 6 брейк жасады. Бабош болса төрт рет эйс, бес рет екілік қателік және 13 мүмкіндігінен бес брейк істеді. 

Айта кетейік, 24 жастағы Дияс WTA рейтингінде 53 орында тұрса, 25 жастағы Бабош 37 сатыға жайғасқан. Екі теннисші осымен екінші рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды. 

Ширек финалда Дия ресейлік Анастасия Павлюченкова (3) мен Наталья Вихлянцева арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 





  0