Шарапова спорттан кететіні жайлы айтып қалды

Оның айтуынша, ол спорттық мансабында ауыр сәттерді бастан өткізген.

Ресейлік теннисші Мария Шарапова латвиялық Елена Остапенконы жеңгенен кейін, ойын туралы пікір білдірді. Оның сөзі WTA сайтында жарияланды. 

"Бұл құнды сәттер, спорттық мансабым соңына таяп қалуына байланысты, қазір мен оның қадірін біліп отырмын. Бұл тараудың қалай өрбитіні белгісіз, алайда мен ойлағандай болады деп сенемін", - деді Шарапова. 

Оның айтуынша, ол спорттық мансабында ауыр сәттерді бастан өткізген. "Менің бірнеше айым ауыр өтті. Ойыннан кейін неге жымидың деп сұрайсыздар. Талай қиындықтарды жеңіп, спортқа қайтып оралып, өзіңнің әлі де бар екеніңді дәлелдегеннен кейін, неге қуанбасқа?", - деді ресейлік теннисші. 

Қазіргі уақытта Шарапова жалпы тізімде 40-орында тұр. 30 жастағы спортшы бес рет "Үлкен дуылға" сериясында бес рет жеңімпаз атанған. Ол Лондонда өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленді.



  0