Юлия Путинцева Түркиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Юлия Путинцева Түркиядағы турнирдің екінші айналымына өте алмады.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинева Түркия елінде өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Юлия Путинцева Түркияның астанасы Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан турнирді жарты жолдан тоқтатты. Алғашқы кезеңде әлемдік рейтингте 34-орында тұрған Сорана Кырстяның мысын басқан отандасымыз екінші ойында сүрінді. Француздық Полин Пармантьемен жолыққан отандасымыз үш кезеңге созылған ойында 6:2, 2:6, 6:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 83-орында тұр. Түркиядағы турнирге әлемнің 32 спортшысы сайысқа түсіп, 250 000 АҚШ долларын сарапқа салып жатыр.


  0