Зарина Дияс Штутгарттағы турнирдің келесі айналымына жолдама алды

Зарина Дияс Штутгарттағы турнирдің келесі айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Штутгарттағы WTA турнирінің келесі айналымына жолдама алды.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Германия елінде өтіп жатқан Штутгарттағы турнирде жергілікті спортшы Карина Виттёфтқа қарсы ойнап, жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 57 орында тұрған Каринаны отандасымыз екінші рет мысын басып, келесі кезеңге жолдама алды. Екі айналымға созылған ойында Зарина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Жүлде қоры 816 000 АҚШ долларын құрайтын додада отандасымыздың келесі қарсыласы латвиялық Елене Остапенко болмақ.

Айта кетейік, Зарина Дияс Майамиде (АҚШ) өткен халықаралық турнирдің 1/8 финалында шығып, әлемнің  алтыншы ракеткасы саналатын Каролина Плишковаға қарсы ойында жарақат алып, ойынды жарты жолдан тоқтатқан болатын.


  0