Юлия Путинцева Тайвэйдегі турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші ширек финалда Катерина Козловаға жол берді.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Тайвэйде өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Юлия Путинцева ширек финалда Катерина Козловаға жол берді. 1 сағат 42 минутқа созылған ойында 2:0 (7:5, 6:3) есебімен украиналық теннисші жеңіске жетті.

Айта кетейік, Тайвэйдегі халықаралық турнирдің жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.


  0