Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Тайбэйдегі турнирді жеңіспен бастады

Тайбэйдегі халықаралық турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайтын Тайбэйдегі халықаралық турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Taiwan Open турнирінің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева жапон теннисшісі Юнри Намигатаны  6:2, 6:4 есебімен жеңді. Келесі айналымда қазақстандық теннисші  Кай-Чен Чанмен (Тайбэй) кездеседі.

Зарина Дияс болса алғашқы айналымда ресейлік Анна Блинковадан айласын асырды. 1 сағат 29 минутқа созылған ойында отандасымыз 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Зарина екінші айналымда румын теннисшісі Моника Никулескумен, не тунистік Онс Жабермен жолығады.


  0