Жапониядағы жарыста Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

Japan Women's Open Tennis турнирінің жүлде қоры - 226 750 доллар.

Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінде Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық қос қыз турнирдің ширек финалында кездесті. Бірінші сетте 6:4 есебімен Путинцева алға шықты, алайда екінші ойында Дияс 6:1 есебімен басымдылыққа ие болып, қорытынды кезеңде 6:3 есебімен Путинцеваны жарыстан шығарып жіберді. 

Айта кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 52-ші орында, ал Дияс 100-ші орында. Бұрындары теннисші қыздар теннис алаңында қарсылас атанбаған. 

Финалдық кездесуде Зарина Дияс америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездеседі. 

Еске салайық, Japan Women's Open Tennis турнирінің жүлде қоры - 226 750 доллар. 


  0