Қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Ертең қыздарымыз қола үшін белдеседі.

Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері қазақстандық Қаһарман Қисметов Бухарестте өтіп жатқан U-23 күрестен әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды wrestling.kz.

72 келі салмақта күрескен Қисметов іріктеу кезеңінде Беларуссия және Болгария елдерінің балуандарын жығып, жартылай финалда Грузиялықтан ұтылған еді. Ал қола жүлде үшін белдесуде Рресейлік Нарек Огоняннан 5:0 есебімен басым түсті.

Бұған дейін 55 келі салмақта Аманғали Бекболатов та қола жүлде иеленді. Сонымен бірге, Әйелдер арасында ертең 55 келі салмақта Марина Седнева мен 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола үшін күреседі. Олардың қарсыластары әлі анықталмады. 


  0