Досжан Кәртіков Қазақстан чемпионатында белдеседі

Досжан Кәртіков Қазақстан чемпионатында белдеседі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Кәртіков күрес түрлерінен өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері мен Азия чемпионы Досжан Кәртіков Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігіне сынға түседі. Рио Олимпиадасынан кейін спорттан біраз уақытқа шеттеген Кәртіков Қазақстан чемпионатында жаңа салмақта (82 келіде) белдесетін болады. 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде елімізің ең мықты балуандары сайысқа түсіп, Азия ойындарында өнер көрсету мүмкіндігіне таласады.

Айта кетейік, Досжан Кәртіков Рио Олимпиадасында 74 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзірбайжандық балуан Елвин Мурсалиевке есе жіберген болатын. Сол додадан кейін отандасымыз бозкілемде өнер көрсеткен жоқ.


  0