Ақжүрек Таңатаров Қазақстан чемпионатында белдеседі

Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді.

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров күрес түрлерінен өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.

Олимпиада ойындарының мен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Шымкетте өтетін ел біріншілігінде белдеседі. 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде еліміздің ең үздік балуандары өнер көрсетіп, Азия ойындарына жолдама алу үшін барын салады. Таңатаров бұл додада 74 келі салмақта сынға түседі.

Айта кетейік, Ақжүректің салмағында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Данияр Қайсанов пен Жігер Закиров және Болат Сақаев сында мықты балуандар бар.


  0