Жас балуандарымыз Болгарияда өткен турнирде топ жарды

Жас балуандарымыз Болгарияда өткен турнирде топ жарды.

Қазақстан грек-рим күресінен жастар құрамасы Болгарияда өткен халықаралық турнирде топ жарды.

Болгарияның Русе қаласында грек-рим күресінен жастар арасында Петко Сираков пен Иван Илиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті. Бұл байрақты бәсекеде балуандарымыз 10 медаль жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ. 60 келіде сынға түскен Ақжол Тұяқов пен 63 келідегі Тілек Ассембаев қарсыластарын қоғадай жапырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Қос балауанымыз да финалда румын балуандарының мысын басты.

Айта кетейік, сондай-ақ 67 келіде Әлихан Көкенов пен Мерей Бекенов, Сағымбай Рахат 72 келіде, 77 келіде Даулет Жалғасов, 82 Станислав Рылский, 97 келіде Санжар Темірбек және аса ауыр салмақта Антон Савенко қола жүлдеге қол жеткізді.


  0