Күрес түрлерінен салмақ дәрежелері ауысты

Күрес түрлерінен салмақ дәрежелері ауысты

Парижде өткен әлем чемпионатынан кейін, бірлескен күрес ұйымы (UWW) салмақ түрлерін ауыстыруды шешті деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Францияның астанасы Парижде күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатынан кейін, бірлескен күрес ұйымының отырысында салмақ дәрежелерін ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Қабылдаған шешімге сәйкес Токио Олимпиадасында балуандар өздерінің үйреншікті салмағында емес, жаңа салмақ дәрежесінде күресетін болады. 2018 жылдан бастап бұл қаулы жүзеге асады, яғни жаңа жылдан кейін балуандардың өнер көрсететін салмағы түбегейлі ауысады.

Сонымен қатар, салмақ дәрежесіне тағы да екі салмақ түрі қосылды. Демек, келесі жылдан бастап спортшылар 10 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады. Бірақ оның 4-і Олимпиадалық салмаққа кірген жоқ.

Салмақтағы өзгерістер төмендегідей:

Грек-рим күресі: 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130;

Еркін күрес: 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125;

Әйелдер күресі: 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76.

Естеріңізге сала кетейік, Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим балуандары — Мейрамбек Айнағұлов (59 келі) пен Демеу Жадыраев (71 келі) Қазақстан қоржынына қос күмісті салса, еркін күрестен Ақжүрек Таңатаров (70 келі) қола жүлдені еншіледі.


  0