20 жастағы қазақ балуаны әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі

Жартылай финалда ол Иран балуанын жықты.

20 жастағы қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов (70 келі) Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еркін күрестен жартылай финалда Қайпанов Иран балуаны Йонес Аликбар Эмамичогойды 7:6 есебімен жеңді. Белдесу үстінде қазақстандық балуан челенджді ұтты, ал 6:6 есебімен аяқталған белдесуде ирандық балуан челендж сұрап, одан ұтылды. 

Айта кетейік, 1/8 финалда Қайпанов 30 секундтай уақытта аустралиялық Джошуа Райлиді 10:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Қайпанов осындай есеппен британиялық Николае Коджокаруды жыққан еді. 


  0