Қазақ балуаны сенсациялық жеңістен кейінгі белдесуде Олимпиада жолдамасын иеленді

Ол командада нормативті екінші болып орындады.

Греко-рим стиліндегі қазақ балуаны Асхат Ділмұхамедов әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

77 келіге дейінгі ширек финалда Ділмұхамедов сербиялық Виктор Немешті жеңді - 4:3. Бұған дейін қазақ балуаны ресейлік Олимпиада чемпионы Роман Власовтан басым болып, сенсация жасады.

Төрт жылда бір келетін әлемдік жарыс жолдамасы 2019 жылғы әлем чемпионатындағы олимпиадалық салмақтағы үздік алты балуанына беріледі. Нормативті бірінші болып Мейрамбек Айнағұлов (60 келіге дейін) ұтып алған еді.

Бүгін, 15 қыркүйектегі жартылай финалда Ділмұхамедов мажарстандық Тамаш Леринцпен күш сынасады. Белдесу Қазақстан астанасының уақытымен 18:00-де. 


  0