FINA мүшелері Алматыда су добынан біліктілік арттыру курсын өткізді

Биыл FINA су добы ережелеріне біраз өзгеріс енгізді.

Халықаралық жүзу федерациясы (FINA) Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен бірлесе отырып, Алматыда сертификаттау сабақтарын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

2-4 мамыр аралығында өткен курста су добынан 28 қазақстандық және 1 мысырлық төреші ойынның жаңа стандарттары бойынша біліктілігін арттырды.

Айта кетелік, биыл FINA су добы ережелеріне біраз өзгеріс енгізді. Видеобақылаудың инновациялық жүйесі іске қосылып, төрешілер арнайы аудиоқұрылғылар пайдалана бастайды. Сондай-ақ, айып добы мен бұрыштаманы орындау ережелері де өзгеріске ұшырады.

Біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша 17 қазақстандық төреші аттестациялаудан өтті. Бұл FINA сапындағы қазақстандық төрешілердің көбеюіне септігін тигізбек. Сондай-ақ, елішілік жарыстардағы төрешілік деңгейінің өсуіне көмектеседі.


  0