Әскери үш сайыс үміті

Дархан мектеп қабырғасында жүріп су полосын игереді.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды болады. Бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" - деп бекер айтпаған.

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 4 курсанттық батальонында жанымен де, тәнімен де спортқа берілген жан бар - Ұнайғалиев Дархан атты курсант.

1997 жылы Орал қаласында өмірге келген Дарханның әкесі оның бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп, ұлының жеңістеріне шынайы қуанып, қолдау көрсете де білген.

Мектеп қабырғасында жүріп су полосын игерген жас спортшы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының курсанты аталған соң да жаттығуларын тастамады. Институт қабырғасында курсант Унайгалиев бапкер подполковник Асан Нартаевтің қол астында офицерлік үш сайыс бойынша жаттыға бастайды. Өзінің еңбекқорлығымен, күш жігерінің арқасында 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Спартакиадасы шеңберінде әскери үш сайысынан күміс медалін жеңіп алды. Казіргі күні болашақ офицер Дархан жүзуден және су полосынан I разрядтық спортсмен, сонымен қатар, әскери үш сайысынан спорт шеберіне үміткер. 

"Кішкене кезімнен әкем үйреткен: "Жүрегің қалаған іске алтын уақытың мен күш-жігеріңді ешқашан аяма,  сол істің биіктігі,  қол жетпестігіне қарамай, шыңын бағындыруға тырыс деп. Мен балалық шағымнан бастап, алдыма қойған мақсатыма жетуім үшін күшімді ешқашан аянбаймын", - дейді Дархан.

Курсант Ұнайғалиев  спортта ғана емес, оқуда да үздіктер қатарында. Ол  болашақта десанттық-шабылдаушы әскерлерінің офицері. Бүгінгі күні Дархан  болашақ мамандығының кыр-сырын зерттеп, ізденіс пен талпынысты ту етіп келеді.


  0