УЕФА Еуропа лигасының финалында ойнаған "Марсель" мен "Атлетико" командаларына қатысты іс қозғады

Бұл материалдарды УЕФА бақылау-этикалық және тәртіптік инстанциясы 31 мамырда қарастырылады.

УЕФА Еуропа лигасының финалында ойнаған "Марсель" мен "Атлетико" командаларына қатысты тәртіптік тергеу шараларын бастады, - делінген ұйымның ресми сайтында. 

Еуропалық екінші деңгейлік жарыстың финалы Лион қаласында 3:0 есебімен испаниялықтардың пайдасына шешілді. 

"Марсельге" УЕФА регламенті бойынша бес тәртіптік пунктін бұзғаны үшін айыпталды: трибунадағы төбелестер, зиян келтіру актісі, пиротехникаларды қолдану, бөтен заттарды лақтыру, ойынның кеш басталуы.

"Атлетико" болса екі пункт бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады: расисиік қылық (баннер) және пиротехника пайдалану. 

Бұл материалдарды УЕФА бақылау-этикалық және тәртіптік инстанциясы 31 мамырда қарастырылады.


  0