"Астана" Еуропа лигасында Спортингпен өтетін кездесудің алдында ашық жаттығу өткізді

Ойын 15-ақпан күні өтеді.

Елордалық "Астана" клубының футболшылары Еуропа лигасының 1/16 финалында португалиялық "Спортингпен" өтетін кездесуді алдында ашық жаттығу жұмыстарын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Астан" мен "Спортинг" арасындағы кездесу 15-ақпан күні "Астана - Арена" стадионында өтеді. Кездесу 22:00-де басталады. Жауапты кездесу бір аптадан кейін Португалияда болады. 

"Спортинг" "Астанаға" қарсы өтетін ойында 21 футболшысын алып келген. Жарақатына байланысты бұл ойында команданың бас мерген Бас Дост қатыса алмайды.






















  0