"Спортинг" Еуропа лигасындағы "Астанаға" қарсы ойын алдында елордаға келді

"Астана" және "Спортинг" арасындағы кездесу 15-ақпан күні өтеді.

Португалиялық "Спортинг" клубының футболшылары мен бапкерлері Астанаға келді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Лиссабондық команда өкілдері мінген ұшақ Қазақстан астанасына жергілікті уақыт бойынша 11:30-да қонды. Португалиялық клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, команда жеті сағаттық жолды жүріп келіпті. Ұшақтан түсе салысымен команда қонақ үйге жол тарты. Мұндай команда ойыншылары ашық жаттығу жұмысы және баспасөз жиынына дейін демалады. 

"Спортинг" "Астанаға" қарсы өтетін ойында 21 футболшысын алып келген. Жарақатына байланысты бұл ойында команданың бас мерген Бас Дост қатыса алмайды. 

Еске салайық, Еуропа лигасы 1/16 финалында "Астан" мен "Спортинг" арасындағы кездесу 15-ақпан күні "Астана - Арена" стадионында өтеді. Кездесу 22:00-де басталады. Жауапты кездесу бір аптадан кейін Португалияда болады. 











  0