Серена Уильямс Цинциннатиде қазақстандық теннисшіге қарсы ойнай алмады

Қазақстандық спортшы өзге америкалықпен ойнайтын болды.

Америкалық теннисші Серена Уильямс Цинциннатидегі турнирді жалғастырмайтын болды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Бірінші айналымда ол Қазақстан спортшысы Зарина Дияспен ойнау керек болатын.

"Өкінішті, арқа жарақатым қайта қозды. Мен ойнай алмаймын", - деп келтіерді Уильямстің сөзін турнир қызметі.

Осылайша, Дияспен матчте Уильямстің орнын өзге америкалық теннисші Джессика Пегула басты. 25 жастағы спортшы әлемнің 56-шы ракеткасы, ал Дияс WTA рейтингінде 80-ші орында.

Мұның алдында екінші айналымға Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева өткен болатын, ол бірінші айналымда латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:7(3:7), 6:3 есебімен жеңді. Путинцеваның келесі қарсыласы турнирдің сегізінші ракеткасы америкалық Слоан Стивенс.


  0