Зарина Дияс Монтеррейдегі WTA турнирінде ұтылып қалды

Ол Виктория Азаренкомен кездесу өткізді.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Мексикадағы WTA турнирінде ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Монтеррей ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей ойында Дияс белоруссиялық Виктория Азаренкомен кездесу өткізіп, екі сетте 3:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Матч кезінде Дияс үш қосарлы қателік жіберді, үш брейк-пойнт ұтты және өзі пас бергенде үш гейм алды.

Айта кетейік, Дияс WTA рейтингінде қазір 107-ші. Азаренко 67-ші орында.


  0