"Қобалжыдым. Президент келерін білдім". Зарина Дияс Федерация кубогындағы жеңісі жайлы

Қазақстан құрамасы А тобында бірінші.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Астанада өтіп жатқан Федерация кубогы А тобындағы Үндістан құрамасын жеңуге қатысты ойын айтты.

Теннис федерациясы баспасөз қызметіне берген сұхбатында Дияс қобалжығанын атап өтті. 

Диястың қарсыласы Карман Каур Тханди  болды, ойын - 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

"Оңай болмады. Бүгін әрине қатты қобалжыдым. Президенттің келетінін білдім. Жалпылай оныныма көңілім толады, қарсыласыма икемделе алдым. 

Екінші сетте сенімділік пайда болды. Алғашқысынан жақсы өтті. Былтырдан бері қарсыласым жақсара түсіпті: допты ойынға жақсы қосады, оң жақтан соққысын күшейткен. Сондықтан деңгейі жоғарлағандай", - дейді Дияс. 

 Диястан кейін Юлия Путинцева да Анкита Райнды жеңді - 6:1, 7:6. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия/Океания аумағы А тобында жеңімпаз атанды.


  0