Федерация кубогында Путинцева Қазақстан құрамасын мерзімінен бұрын жеңіске жеткізді

8 ақпан Үндістан құрамасымен ойын өтеді.

Юлия Путинцева Астанада өтіп жатқан Федерация кубогындағы Тайландпен ойында Қазақстан құрамасын мерзімінен бұрын жеңіске жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесудің екінші матчінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Нуднида Луангнамды 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 19 минутқа созылды. Путинцева әлемнің 43-ші ракеткасы, ал Луангнам WTA рейтингінде 712-ші орында екенін айта кетейік. 

Бастапқы матчте Зарина Дияс қарсыласы Мананчая Савангкаевті ұтты - 6:1, 6:3.

Матч жеңімпазы бір команданың екі жеңісімен анықталады. Алдымен екі дара кездесу өтеді, осыдан кейін жұппен. Жұптық кездесуге Қазақстан атынан Анна Данилина мен Галина Воскобоева ойнайды.

8 ақпан Қазақстан құрамасы Үндістанға қарсы ойын өткізеді. Басталуы Астана уақытымен 10:00.


  0