Путинцева шешуші сетте алты гейм қатар ұтылып Australian Open-нің екінші айналымында шығып қалды

Ол рейтингте өзінен 16 саты төмен тұрған спортшыдан ұтылды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Мельбурнда өтіп жатқан теннситен Аустралияның ашық чемпионатының (Australian Open) үшінші айналымына өте алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші раунд матчінде әлемдік рейтингте 39-шы орындағы Путинцева әлемнің 55-ші ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Матч 7:5, 4:6, 6:2 есебімен швейцариялық спортшының пайдасына аяқталды. 

Шешуші сетте Путинцева брейк есебінен 2:0 есебімен жеңіп жатты. Бірақ кейін қарсыласына қатарынан алты гейм ұтылды. 

Теннисшілер кортта 45 минут ойнады. Осы уақытта 24 жастағы Путинцева төрт добын өткізді, екі рет допты ойынға қосуда қайталанған қателік жасады және алты брейк көрсетті. Бұған дейін жеке кездесуде қазақстандық спортшы 2:0 есебімен жеңіп келе жатқан. 

Australian Open жарысында Бенчичтің келесі қарсыласы чехиялық Петра Квитова болады.

Осылайша, Australian Open жарысындағы әйелдер арасында жеке ойыншылардан Қазақстан өкілі қалмады. Зарина Дияс жарыстың бірінші айналымында ұтылды. Дияс пен Путинцева жұптық кездесуде шығады.


  0