Ярослава Шведова ана болды

Спортшы егіз бала тапқан сияқты.

Қазақстанның экс-ракеткасы Ярослава Шведова ана атанды. Бұл туралы тенисшінің өзі Instagram желісінде жазды. 

31 жастағы спортшы сурет жариялап, "1+1=4" деп жазыпты. Осыған қарағанда Шведова егіз тапқан сияқты. 

Соңғы рет Шведова кортқа Францияның ашық чемпионатында ("Ролан Гаррос") шыққан. Спортшының карьерасындағы ең жоғары көрсеткіш WTA рейтингіндегі 25-ші орын. 




  0