Жерар Пике: Бүгін менің ең бақытты күндерімнің бірі



Kosmos компаниясының президенті әрі "Барселона" қорғаушысы Жерар Пике Халықаралық теннис федерациясымен Дэфис кубогын жаңа форматта өткізу туралы келісімі жайлы пікір білдірді, - делінген ITF ресми сайтында. 

"Бүгін тарихи күн. ITF мүшелері қолдаған біздің келісімді Дэвис Кубогының болашағын жарқын ететініне жәнен теннистің барлық деңгейінің дамуына кепілдік береді. Мен осы ерекше жобаның мүшесі болғаныма қуаныштымы. Сөзсіз, бүгін менің ең бақытты күндерімнің бірі", - деді Пике.

Жаңа форматтағы турнир 2019 жылы қарашаның 18-24 аралығында Мадридте (Испания) немесе Лилледе (Францияда) өтеді. Жарысқа 18 құрама қатысады. Олар топтық кезеңді өткізіп, плей-офф кезеңін ширек финалдан бастайды. 


  0