Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында сүрінді

Отандасымыз әлемнің 20 ракеткасымен кездескен болатын.

Қазақстандық теннис Зарина Дияс бұл күндері Париж қаласында өтіп жатқан Франция ашық біріншілігін - "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Екінші айналымда отандасымыз екі сетте жапониялық Наоми Осакадан жеңілді. Есеп - 4:6, 5:7. Кездесу бір сағат 25 минутқа жалғасты. 

Осылайша Дияс бұл турнирдегі өзінің ең үзік көрсеткішін көрсете алмады. Еске салайық, 2017 жылы ол турнирдің үшінші айналымына дейін жеткен болатын.

24 жастағы Дияс қазіргі уақытта WTA рейтингінде 51 орында келеді. Ол оның қарсыласы Осака болса 20 орынға жайғасқан. Бұған дейін екі теннисші бір-бірімен мүлде кездеспеген. 

Айта кетейік, бүгін, 30 мамыр күні "Ролан Гаррос" турнирінде өзінің кездесуін екінші бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Дженнифер Брэйди болады. кездесу Астана уақытымен 18.05-те басталады. 




  0