Зарина Дияс пен Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің екінші кезеңіне шықты

Ерлер арасындағы бәсекесінде біздің елдің намысын Михаил Кукушкин қорғайды.

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева кеше Париж қаласында басталған Франция ашық біріншілігінің ("Ролан Гаррос") екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Доданың бірінші айналымында WTA рейтингінде 51 орында тұрған Дияс әлемнің 68 теннисшісі полшалық Магда Линнетпен кездесті. 55 минутқа жалғасқан кездесуде отандасымыз 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Путинцева (93орын) болса бірінші айналымда турнирдің 22 ракеткасы Йиоханна Контамен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 1 сағат 24 минут өткізді. 

Енді келесі айналымда Путинцева америкалық Дженнифер Брэдимен, ал Дияс София Кенин (АҚШ) - Наоми Осакама (Жапония) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кетейік, "Ролан Гаррос" турнирінің ерлер арасындағы бәсекесінде біздің елдің намысын Михаил Кукушкин қорғайды. Ол бірінші айналымда испаниялық Альбрт Рамос Виньолоспен кездеседі. 




  0