Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы турнирде 11-рет топ жарды

Рафаэль Надаль Монте-Карлодағы турнирде 11-рет топ жарды.

Рафаэль Надаль  Монте-Карлодағы кәсіби-теннисшілер қауымдастығы (ATP) сериясының  "Мастерс" санатындағы турнирінің жеңімпазы атанды.  Турнирдің жалпы сыйақы қоры  - 4,8 миллион еуро. 

Надаль финалда жапондық Кэй Нисикориді  6:3, 6:2 есебімен жеңді. Надаль маусымдағы өзінің алғашқы турнирін өткізіп, өз спорттық жолында 76-ыншы ATP турнирінде мерейі үстем болды. Испаниялық теннисші 11-інші рет (2005-2012, 2016-2018) Монте-Карлодағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Надаль бұл турнирде бір рет ғана финалда ұтылған. 2013 жылы екі сетте серб Новак Джоковичке жол беріп жеңіліске ұшыраған еді.

Сондай-ақ Үлкен дулыға турнирі сериясында Надаль 16 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Дәл қазіргі уақытта испандық әлемнің бірінші ракеткасы атағына ие.


  0