Юлия Путинцева Дохадағы доданы жеңіспен бастады

Первая ракетка Казахстана

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева Дохада өтіп жатқан WTA "Qatar Total Open" додасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз швейцариялық теннисші Тимея Бачинскимен кездескен еді. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:1 есебімен жеңіске жеткен. Содан кейін Бачински жарақатына байланысты кездесуді ары қарай жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, 24 жастағы Тимея Бачински қыздар арасында әлемдік рейтингте 15-орында тұр. Ал, 22 жастағы Путинцева болса 27 сатыда. Бұған дейін бұл теннисшілер бір рет кездесіп, ол ойын 2:1 есебімен швейцариялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

"Qatar Total Open" турнирнің келесі айналымында Путинцева Лаура Зигмундтан үстем түскен Мноика Пюигпен кездеседі.


  0