Зарина Дияс WTA рейтингінде әлемнің үздік 50 теннисшісінің қатарына қосылды

Юлия Путинцева болса екі саты төмен сырғыды.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Зарина Дияс WTA рейтингінде әлемнің үздік 50 теннисшісінің қатарына қайта қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бүгін ғана жаңартылған рейтингте Дияс 56-орыннан 48-орынға көтерілді. Ал Юлия Путинцева болса 75-орыннан 79-орынға төмен сырғыды. 

Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі атағын румын қызы Симона Халеп сақтап тұр. Екінші орында даниялық Каролин Возняцки орналасса, үшінші сатыға испаниялық Гарбинье Мугуруса жайғасқан. 

Ерлер арасындағы жаңартылған АТР тізімінде Михаил Кукушкин екі саты төмен түсіп, 92-орынға тұрақтады. Ол қазақстандықтардың арасында үздік жүздіктің қатарына кіріп тұрған жалғыз теннисшіміз. 

АТР рейтингінде бірінші орында испаниялық Рафаэль Надаль шықты. Ол бірінші орыннан швейцариялық Роджер Федерерді ығыстырды. Үшінші орында хорват Марин Чилич келеді. 





  0