Путинцева Малайзиядағы турнирге қатысатын болды



WTA "BMW Malaysian Open" турнирінің ұйымдастырушылары бәсекеге қатысатын теннисшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Ұйымдастырушылар бұл турнирге Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева бар. Біздің отандасымыздан бөлек бұл додағаа украиналық 
Элина Свитолина, испаниялық Карла Суарес Наварро, француз қызы 
Каролин Гарсия және италиялық Карин Кнапп қатысады. 

Айта кетейік, Путинцева бұл турнирге бірінші рет қатысып жатыр. Ал аталған турнирде өткен жылы укриан қызы Элина Свитолина жеңіске жеткен еді. 

"BMW Malaysian Open" турнирі ақпанның 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтеді. 


  0