Дияс Майамидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Дияс Майамидегі турнирдің төртінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан халықаралық турнирдің төртінші айналымына өтті.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс АҚШ елінде өтіп жатқан Майамидегі турнирдің төртінші айналымына жолдама алды.Отандасымыз алғашқы кезеңде жергілікті спортшы Дженнифер Брэйдиді ұтып, екінші айналымда әлемдік рейтингте 27 орында тұрған, ресейлік Светлана Кузнецованы қапы қалдырған болатын. Зарина үшінші кезеңде Карина Виттёфтпен күш сынасып, жеңісті жұлып алды. Енді отандасымыз әлемдік рейтинте 6 орында тұрған Каролина Плишковамен кездеседі.

Айта кетейік, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 54 орында тұр. Отандасымыз соңғы рет Индиан-Уэлсс турнирінде сынға түсіп,әлемнің ең үздік теннисшісі болған Серена Уильямске есе жіберген болатын.


  0