Зарина Дияс Индиан-Уэлсс турнирінде өнер көрсетеді

Зарина Дияс Индиан-Уэлсс турнирінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ елінде өтетін Индиан-Уэлсс турнирінде сынға түседі.

Еліміздің ең үздік теннисшісі Зарина Дияс Индиан-Уэлсс турнирінде сайысқа түседі. Әлемнің үздіктері бас қосатын додада 85 спортшы өнер көрсетеді. Бұл байрақты бәсеке екі аптаға жалғасаып, 18 наурыз күні өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Зарина Дияс әлемдік рейтингте 54 орында тұр. Отандасымыз соңғы рет Тайбэйде өткен турнирге қатысып, екінші айналымда сүрінген болатын.


  0