Дияс пен Путинцева Федерация кубогінде Қытай құрамасын жеңді

Осылайша Қазақстан құрамасы "А" тобында бірінші орын алды.

Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогінде Қытай құрамасын жеңіп, "А" тобында" бірінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қытай құрамасына қарсы өткен ойында бірінші болып кортқа Зарина Дияс шығып, қытай қызы Чжаосюань Янды 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша Дия Федерация кубогі барысындағы барлық үш кездесуді өзінің пайдасына аяқтады. 

Диястан соң кортқа шыққан Юлия Путинцева Яфан Вангпен кездесті. Екі сетке созылған бұл кездесуде отандасымыз 4:6, 6:1 үстем түсіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. 

Осылайша біздің құрама "А" табында бірінші орын алды. Енді Қазақстан "В" тобында бірінші орын алған командамен кездеседі. Әзірге бұл топта Жапония құрамасы бірінші орында келеді. 




  0