Дияс пен Путинцева Федерация кубогінде жеңіске жетті

Біздің құрама Федерация кубогінің бірінші ойынында Гонконг құрамасымен кездесті.

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Федерация кубогіндегі Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті алып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Гонконгте қарсы өткен бәсекеде бірінші болып кортка Зарина Дияс шығып, Хо-Чинг Вуды 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Содан соң Юлия Путицева Кван Яу Нгтен 6:1, 6:0 есебімен үстем түсті. 

Айта кетейік, Федерация кубогінің Азия және Мұхит аймағындағы бірінші тобындағы ойындар Нью -Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатыр. Доданың әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығуға жеті құрама таласып жатыр. Қазақстан құрамасы сапында Зарина Дияс, Юлия Путинцева,Гүзәл Айнитдинова және Жібек Құламбаева өнер көрсетеді. 

Жеребенің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы "А" тобына түсті. Біздің құрама бұл топта Гонконгтан басқа Қытай және Үндістан құрамалары бар. "В" тобында Жапония, Өзбекстан, Тайланд, Оңтүстік Корея және Қытайлық Тайбэй құрамалы өнер көрсетеді. "А" және "В" тобының жеңімпаздары әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шығатын жолдаманы сарапқа салады. 









  0