Теннистен Қазақстан құрамасы Федерация кубогын жеңіспен бастады



Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Федецария кубогын сәтті бастап, бірінші кездесуінде Оңтүстік Корея құрамасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Федерация кубогының Азия және Мұзит аймағы құрамалары арасында А тобындағы матчтар Астана қаласында өтіп жатыр. Бірінші ойында қазақстандық теннисшілері корей қыздарымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Жекелей сында Галина Воскобоева На-Лэ Ханнан 2:0 (7:5, 6:1) есебімен үстем түссе, Ярослава Шведова Су Джеонг Джангтан 0:2 (5:7, 2:6) есебімен ұтылып қалды. 

Ал Воскобоева мен Шведова жұптық сында Хан На-Лэ и Ким На Ри - 2:0 (6:2, 6:4) есебімен жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады. 

Федерация кубогы аясындағы келесі кездесулерін біздің бұрымдыларымыз 10 ақпан күні өткізеді. Қарсылас Тайланд құрамасы. Ойын Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында өтеді. 

Айта кетейік, А тобында жеңіске жеткен құрама келесі кезеңде В (Қытай, Жапония, Үндістан және Филиппин) тобындағы құрамаларымен әлемдік топтық екінші кезең жолдамасын сарапқа салады. 


  0