Путинцева Санкт-Петербургта өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

Финалда қазақстандық теннисші француз қызы Кристина Младеновичпен ойнайды.

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлий Путинцева Санкт-Петербургта өтіп жатқан "WTA St Petersburg Ladies Trophy" турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

Жүлде қоры 700 мың доллардың құрайтын турнирдің жартылай финалында отандасымыз словакиялық сұлу Доминика Цибулковамен кездесіп, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 20 минутқа жалғасты. 

Айта кетейік, Цибулкова әлемнің 5-ші ракеткасы. Ал аталған турнирге екінші нөмірлі теннисші ретінде қатысқан еді. 22 жастағы Путинцева болса WTA тізімінде 34 орында тұр. Екі теннисші бұған дейін бір де бір рет өзара кездеспеген. 

Осылайша Путинцева спорттық карьерасында бірінші рет WTA турнирлерінің жекелей сынында финалға шығып отыр. 5 ақпан күні өтетін финалда қазақстандық теннисші француз қызы Кристина Младеновичпен ойнайды. Өз кезегінде Младенович жартылай финалда ресейлік Наталья Вихлянцевадан үстем түсті. 


  0