Путинцева Токиодағы жарыстың бірінші айналымында қытайлық қызды жеңді

Ширек финалға өту үшін Путинцева тағы бір қытайлық Хань Синьюньмен кездеседі.

Қазақстадық теннисші қыз Юлия Путинцева Токиодағы жарыста қытайлық Дуань Инъинді жеңіп екінші айналымға өтті. Есеп - 6:4, 4:6, 6:4. Ойын 2 сағат 24 минутқа созылды. 22 жастағы қазақстандық бірнеше рет қателік жібергенімен, басымдылыққа ие болды. 

Ширек финалға өту үшін Путинцева тағы бір қытайлық Хань Синьюньмен кездеседі. 




  0