Зарина Дияс WTA рейтингінде үш саты жоғарылады

Отандасымыз үздік жүздікке жақындай түсті.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис ассоциясының (WTA) жаңартылған рейтингінде 3 саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімнің алғашқы үштігінде ешқандай өзгеріс жоқ. Бірінші орында чехиялық Каролина Плишкова жайғасса, екінші орында румын қызы Симона Халеп орналасқан. Үздік үштікті неміс теннисшісі Анжелик Кербер түйіндеп тұр. 

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева болса жаңартылған тізімде 47-орынын сақтап қалған. Ярослава Шведова болса үш саты көтеріліп, 80 орынға табан тіреді. 

Ал өткен айда бірден 16 сатыға жоғарылаған Зарина Дияс болса бұл айда үш саты жоғары көтеріліп, 111 орынға шықты. 






  0