Зарина Дияс "Уимблдон" додасынан кейін WTA рейтингінде 16 саты жоғарылады

Отандасымыз "Уимблдон" турнирінің үшінші айналымына дейін жетті.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Уимблдон" турнирінен кейін Әйелдер теннис ассоциясының (WTA) жаңартылған рейтингінде 16 саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz

Лондонда өткен турнирде Дияс үшінші айналымға дейін жетіп, хорват қызы Петра Мартичтен жеңіліп қалды. Бұл көрсеткіштен кейін ол WTA рейтингінде 114-орынға көтерілді. 

Ал "Уимблдонның" бірінші айналымында сүрінген қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева төрт саты төмен сырғып 44-орынға түсіп қалды. Британияның бас шаһарында өткен турнирден тыс қалған Ярослава Шведова 33 сатыға төмен сырғып, 83 орында жайғасты. 

Жаңартылған WTA рейтінгінде бірінші рет чех қызы Коралина Плишкова көш бастады. Тізімнің көшін бастап келген неміс қызы Ангелик Кербер үшінші орынға түсіп қалға, руымн қызы Симона Халеп екінші орынды сақтап тур. "Уимблдонның" жеңімпазы испаниялық Гарбинье Мугуруса болса он саты көтеріліп, бесінші орынға шықты. 





  0