Зарина Дияс Манчестерде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өтті

Зарина Дияс Манчестерде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық текннисші Зарина Дияс Ұлыбританияда өтіп жатқан ITF Women's Manchester турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын турнирдің бірінші айналымында отандасымыз британиялық бұрымды Эмили Вэбли-Смитпен кездесіп, 1 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Манчестер қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында Дияс австриялық ару Анастасия Родионова кездеседі. Ол өз кезегінде бірінші айналымда корей қызы Чан Су Джон 2:1 (6:2, 4:6, 6:1) есебімен жеңіске жетті. 



  0