Қазақстандық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы болған спортшыны ұтып, жартылай финалға шықты

Спортшы бірінші сэтте ұтылған еді.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасын ұтып, Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан АТР Chengdu Open турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Veti.kz.

1/4 финалда ATP рейтингінде 71-ші тұрған Бублик болгариялық Григор Димитровпен кездесу өткізді, 2017 жылы ол рейтингте үшінші болған, қазір 26-шы орында.

Матч 2 сағат 31 минут болды. Бублик бірінші сетті 5:7 есебімен ұтылды, алайда, кейінгі екеуінде жеңді - 7:6, 7:6. Қазақстандық 35 рет допты ойынға қосу кезінде ұпай жинады, 15 рет қос қателік жіберді және екі брейк жасады.

Бублик жартылай финалда Ллойд Харрис (ОАР) -  Жоао Соуса (Португалия) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 


  0